Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2017 жылдың 24 қараш күні М.Горький ат.гимназиясы аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Білгіштер» қалалық зияткерлік-танымдық ойынның 1 кезеңі өткізілді. Ойынға 31 топ құрамасы қатысты. Барлық топтар 3 лигаға бөлінді: І және ІІ лигалар орыс тілді оқитын мектептер және ІІІ лига қазақ тілде оқитын мектептер үшін. Ойынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары бағалады. Ойынды М.Горький ат.гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Бахыткуль амандоловна Кельдибаева жүргізді. Ойын тақырыптары1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды.

Ойын екі сайыстан тұрды: 1)капитандар сайысы: «Тестілеу» және «Кім шапшаң»; 2)топтық ойын: «Эрудит» және «Сұрақ-жауап». Ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған құрамалар: 1 лига - «Қырандар» (МГГ), 2 лига - «Білімпаздар» (ООШ №21) және 3 лигада «Алға» (№24 МГ). Оқу жылы бойында үш ойын өткізіледі. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Ойынның жеңімпазы анықталады.

Топтарды Ойынның жаңа мауысымның басталуымен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!