Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

2017 жылдың 4 қазан күні «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында №18 мектеп-гимназиясы төңірегінде «Маусымның ашылуы» қалалық ойыны өткізілді.

5-7 сынып оқушыларына арналған география, тарих және өлкетану бойынша «Маусымның ашылуы» қалалық зияткерлік-танымдық ойыны өзінің қызметін «Өлкетану» базалық жоба аясында орындайды. Қалалық ойында Қостанай қаласының мектептерінен 33 құрама қатысты. Іріктеу кезеңге тапсырмалар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құзырлы оқытушыларымен құрастырылды. Қатысушылар Қостанай қаласының ескерткіштері мен тарихи орындары, Қазақстан тарихы мен еліміздің физикалық география тақырыптары бойынша қызықты және танымдық сұрақтарға жауап берді. Барлық сұрақтар Республикамыз туралы білімдерін және туған қаланың тарихымен танысуды бекітті. Іріктеу кезеңі бойынша барлық құрамалар 3 лигаға бөлінді, келесі ойындарда құрамалар өздерінің білімдерін география, тарих және өлкетану бойынша сынамақ.