Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Абай Құнанбаевтың шығармаларын жас буын арасында насихаттау, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінде айтылған асыл қасиеттерді олардың бойына сіңіру мақсатында елімізде жиырма жылдан бері «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып келеді. Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №29 жалпы білім мектебі» КММ-нің  базасында 2021 жылдың 26 ақпанында «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы мен  «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазылды.Байқауға 25 қала мектептерінен 41 оқушы қатысып, 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

25-26 ақпан күндері болған алты номинациядан тұратын қалалық «Абай оқулары» байқауына үш мектеп-лицейі,бес мектеп-гимназия, төрт негізгі жалпы білім беретін мектеп пен он жеті жалпы білім беретін мектептердің 66 дарынды оқушылары қатысып,36 жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің мадақтамасымен марапатталды. Қатысушыларға белсене қатысқандары үшін сертификаттар берілді.

Байқауға сапалы дайындағаны үшін жетекшілік еткен ұстаздар қалалық білім бөлімінің басшысы Г.А.Уразбаеваның алғыс хатымен марапатталды.

Қостанай қаласынан облыс көлемінде болатын «Абай оқулары» байқауына жолдама алған оқушылар: Ғ.Қайырбеков атындағы  №9 жббм-нен қос жүлдегерлер 9 сынып оқушылары Нұрсұлтан Есенгелді мен Мәлікқызы Фатима, №17 жббм-нен қос жүлдегерлер 8 сынып оқушысы Наргиз Кусаинова мен Мейрамгуль Жакупова, №20 жббм 9 сынып оқушысы Аруна Казимбекова, С.Мәуленов атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Ақжүніс Амирханқызы. «Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар...» демекші,егеменді еліміздің ұландарына сәттілік тілейміз!

1м2м3м4м5м6м