«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында облыстық іс -шаралар жоспарына сәйкес, Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 13-17 қыркүйек аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында «Біз таза қала үшін!» атты әлеуметтік - экологиялық жарнамалар бейнеролигінің қалалық кезеңінің байқауын өткізді.
Байқауға барлығы 16 бейнеролик ұсынылды. Нәтижелер бойынша қазылар алқасы қалалық кезеңнің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады:
-1 орын – ҚТШМ (Вечер В:В, жетекшісі Зубко Н. Н.), СМГ (Сарбаева А. М., жетекшісі Құлымбетова А. Қ);
- 2 орын - № 10 ЖББМ (Маратов Н.А., Баку А.С., Ексанова А.М., Төлегетай Н.А., жетекшісі Бешимова К.К.), №5 ЖББМ (Шафоростова В.В., жетекшісі Макатова Б.А.);
- 3 орын - №14 НМ (Русаков А.Н., жетекшісі Тканова С. А), № 22 ЖББМ (Лилимберг А.В., жетекшісі Михайличенко И.А.)., ҚБШМ (Гуссер А., жетекшісі Зубкова Н. И).
Жеңімпаз бейнероликтер байқаудың облыстық кезеңінде қаламыздың намысын қорғайтын болады. Сіздерге сәттілік тілейміз!