Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ  жоспарына сәйкес Жалпы  білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы 2021 жылдың 25 ақпанында ZOOM платформасы желісі арқылы №10 жалпы білім мектеп базасында өткізілді.

1) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу; 2) «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу; 3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының өлеңдері мен шығармаларын жатқа айту.Байқауға 16 қала мектептерінен 23 оқушы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.  15 оқушы шеберліктерін жан-жақты дәлелдей отырып, жүлделі орындарға ие болды. Қатысушыларға сертификаттар және шығармашыл, озық ойлы шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға алғыс хаттар беріледі. Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінен қос жүлдегерлер шықты.Олар: 9 сынып оқушылары Есенгелді Нұрсұлтан Арыстанұлы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша және Мәлікқызы Фатима «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша бірінші орындарды қанжығаларына байласа, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша №17 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Кусаинова Наргиз жүлделі бірінші орынды иеленіп, аймақтық деңгейде өтетін кезеңге жолдама алды.Қатысушыларға сертификаттар және шығармашыл, озық ойлы шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға алғыс хаттар беріледі. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының  классикалық  әдебиттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан  өнер додасының  «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» тақырыбында өтетін бөлімдері №29 жалпы білім беретін мектеп базасында жалғасады

1м2м3м4м5м6м