Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Ағымдағы жылдың  1-7 мамыр аралығында қаланың білім беру кеңістігінде заманауи қазақстандық мәдениетті насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау мақсатында On-lin форматында «Бір шаңырақ астында» атты қосымша білім беру ұйымдарының фестивалі өтуде.

Іс-шараны Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі ұйымдастырады.  Бұл жай ғана фестиваль емес, ел тарихындағы ең маңызды оқиға – біздің қасиетті тәуелсіздігімізге орайластырылған Қостанай қаласының қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылық есебі.

Қазақстанда қосымша білім беруге ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» жолдауында қазіргі заман шындығы балалар үшін қауіпті екенін және олардың күш қуаты мен қызығушылықтарын дұрыс арнаға бағыттау керектігін атап өтті.

Қаланың қосымша білім беру жүйесіне 7 білім беру ұйымы кіреді: музыка мектебі,  Никифорова атындағы өнер мектебі, «Карнавал» хореографиялық мектебі, техникалық шығармашылық мектебі, балалар шығармашылық мектебі, аула клубтары, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы. Олардың әрқайсысы әр баланың қалауы мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын студиялардың, секциялар мен үйірмелердің кең таңдауын ұсынады.

 Әр қосымша білім беру ұйымы туралы бейнебағдарламада қызықты тарихи деректер, мектеп жұмысының жүйесі, тәрбиеленушілер мен педагогтердің шығармашылық табыстары туралы ақпараттармен қамтылған.

 «Бір шаңырақ астында»  фестивалінің бағдарламаларын Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен сайтында және білім бөлімінің YouTube-арнасынан еркін қолжетімділікте көруге болады.  Oп-lin фестиваліне ақпараттық қолдауды өңірлік БАҚ өкілдері көрсетеді.

1м2м3м4м5м6м