Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

«Карта және компаспен» қалалық туристік ойын, денсаулығын жақсарту және дене дамуы, туристік дағдыларды дамыту, 2018 ж. 20 шілдеде «Өлкетану» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы аясында № 17 мектеп базасында тәрбиеленушілірге  экологиялық және отандық білімдерін арттыру.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – мақсат ұстанып,

Жарысқа аттанайық бәріміз! – осы сөздеремен туристік ойын ашылды. Туристік маршрутқа қатысушыларға тәжірибелі туристтер келді: Кинтаев М. С., Галеев А. Б. и Дисюков Д. А. Бірақ достық туристік отбасылардың толық мүшесі болғанға дейін қатысушылар сынақтардан өтуге, өз күштерін, ептілігін, шеберлігін, шапшаңдығын және тапқырлығын көрсетіп, «Жас турист» атағын мақтан тұтуға мәжбүр болды. Эстафета алдында барлық қатысушылар эстафета, қауіпсіздік техникасы және туристік спорттық техниканы пайдалану ережелерімен танысты. Эстафета бірқатар кезеңдерден тұрды: паук, параллель арқандар, «көбелек», маятник.

Ойынға Қостанай қаласының 20 аула клубынан және № 18 мектеп-гимназиясынан 126 оқушы қатысты. Салтанатты сөз сөйлеген білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бөлімі сектор меңгерушісі Шегенова Ш.И. ойынға қатысушыларды жазда табысты, жеңіске және белсенді демалысқа тіледі.

Аула клубтарының арасындағы жүлделі орындар келесідей бөлінді: І орын - «Арман», II орын - «Саяхат», III орын - «Алау». Сондай-ақ, ойынға байланысты «Еркемай» клубының командасы қатысқаны үшін марапатталды. Ойынның соңында жеңімпаздар білім беру бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.

12

35

4