Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Қостанай қаласының білім бөлімі «DamU.KST» ҚБ – мен бірлесіп шығыс философы Әл-Фарабидің шығармашылығын қазақстандық өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған «Әл-Фараби әлемі» әлеуметтік жобасын іске асырды.

Жоба аясында қала мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында «Asu Intellect» зияткерлік-танымдық ойыны, сондай-ақ капитандарға арналған брейн-ринг өткізілді.

Зияткерлік ойынның 4 турының қорытындысы бойынша үздік мектептер анықталды. №115 ОМ ойыншылар командасы абсолютті жеңімпаз атанды, №22 ОМ командасы құрметті 2 орын алды, №28 МГ командасына 3 орын берілді. №115 ОМ командасының капитаны Жумагулова Дильназ үздік капитан болып танылды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар және бағалы сыйлықтар беріледі.

Лайықты марапаттармен құттықтаймыз!