19-23 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлеңім менің – Ай-Күнім» атты қалалық жас ақындар байқауын өткізілді. Ұйымдастырушы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Міркемел Айнұр Мұратқызы. Байқау екі кезеңнен тұрды. Үш номинация бойынша ұйымдастырылды.
1. «Қостанай – кіндік қаным тамған жерім». Қостанай туралы, туған жер туралы авторлық шығармалар, туған жерге деген махаббат
2. «Отбасым – бақыт мекені» - отбасы туралы, жақындар туралы авторлық шығармалар.
3. «Мектеп өмірі – ұмытылмас тарих» - мектеп өмірі, мектептегі бір күн туралы авторлық шығармалар.
Тек қазақ тіліндегі шығармалар қабылдануы тиіс болғанымен, орыс тілді шығармалар да түсті.
1-кезеңде қатысушылар өздерінің өлеңдерін электронды форматта жіберді. 2-кезеңде өздерінің туындыларын мәнерлеп оқып, мектептерінің инста парақшаларына #өлеңімайкүнім_ГСМ #руханижаңғыру #uo_kost #менақынмын хэштегтерін қолданып салды. Гимназияның парақшасына @syrbaimaulenov_gimnaziasy_kst сілтеме жасалды.
Жас ақындар байқауына екі әділ-қазы алқасы тағайындалды.
- Ақылбек Шаяхмет - жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі.
- Тулегенова Шынар Исланбекқызы - А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Нәтижесі:
«Қостанай – кіндік қаным тамған жерім» номинациясы бойынша
I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Галымжанова Адия;
ІІ орын - Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанғали Әділет, №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Шагатаева Агидель;
ІІІ орын - №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Сайлаубек Нұржігіт, № 30 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Немолчева Александра.
«Отбасым – бақыт мекені» номинациясы бойынша
I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Курмантаева Шынайым;
II орын - №115 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тәңірберген Әмина;
III орын - №30 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зюбан дарья.
«Мектеп өмірі – ұмытылмас тарих» номинациясы бойынша
I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанболатқызы Назерке;
II орын - №9 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Келебаева Амина;
III орын - № жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сардор Сұлтан.