Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Ағымдағы жылдың 5 қазан мен 15 қазан аралығында қаланың білім беру ұйымдары арасында оқушылар бойында өз қаласына, өлкесіне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын, шынайы патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Өлкетану» базалық бағытындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Музей бұрышы» акциясы өтті.

Акцияға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, мұғалімдер, мектеп кітапханаларының қызметкерлері және т.б. қатысты. ФМЛ базасында №69 бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері болды, олар үшін мектеп мұражайының белсенділері «Мен сені мұражайға апарамын» жобасы аясында экскурсия өткізді.

Акция барысында қала оқушылары Ы.Алтынсарин Кесенелік кешеніне, қала мұражайларына барды, Қазақстанның киелі орындары мен қорық аймақтары бойынша виртуалды экскурсия жасады. Сонымен қатар қала мектептерінің оқушылары үшін мұражай сабақтары, тақырыптық сынып сағаттары, кітапхана сағаттары, өлкетану диктанттары, викториналар және т.б. өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар туралы фотосуреттермен ақпарат мектеп сайттарында орналастырылған.

123456