Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Ағымдағы 2021 жылдың 17 наурызында Музыка мектебінің 2 корпусында оқушылардың патриоттық қасиеттерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге баулу мақсатында "Наурыз" мерекесіне арналған онлайн түрінде көрме-концерті болып  өтті. Бұл іс-шара дәстүрге айналды және көптеген жылдар бойы өткізіліп келеді. Аталмыш іс-шараның  ұйымдастырушылары Қостанай қаласының Балалар музыка мектебі мен А.Никифорова атындағы көркемсурет мектебі болып табылады.

Іс-шара барысында музыкалық мектеп тәрбиеленушілерінің орындауында  орыс халқының музыкасы, қазақстандық композитор А.Серкебаевтың, халық ақыны Дайрабайдың шығармалары шырқалды.

Сонымен қатар, Музыка мектебінің холлында Қостанай қаласының Көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/groups/dmsh.kst/permalink/955532845185505/

1м2м3м4м