Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

Осы жылдың қазан айында Қостанай қаласының №16 орта мектебінде көптен күткен  «У  истока» атты  этнографиялық орталығының ашылуы өтті. Осындай орталықты құру бастамашысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мархабат Даировна Ибраеваның айтуы бойынша этнографиялық орталық балаларға өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, өз отандастары үшін мақтаныш сезімін ояту, XIX-XX ғасырлардағы тұрмыстық  заттарымен таныстыру, сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда экспонаттарды пайдалану, көне заттарды сақтау үшін қалыптасады.

Этнографиялық орталықтың ашылу идеясына мектеп директоры Ельжасов  Ильяс Болатханович қолдау көрсетті. Ол бұл білім алушыларды белсенді шығармашылық қызметке қосылуына көмек беретіне сенімді, өйткені бұл тек мектеп курсының пәндерін ғана емес, сонымен қатар мұражай педагогикасы базасында қосымша білім алу кезінде алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және біріктіруге мүмкіндік береді.

«У истока»  этнографиялық орталығы ішкі жағынан дәстүрлі қазақ киіз үйінің нысанын қайталайды. Онда бұрынғы кездің шаруашылық-тұрмыстық әдет-ғұрпы мен еңбек қызметі, қазақ жерінде болған түрлі кәсіпшіліктер мен қолөнер туралы түсінік беретін әртүрлі экспонаттар жинақталған. Экспозиция қоры оқушылардың қолымен жасалған бұйымдармен, қазақ мәдениеті дәстүрлерімен және көне заттармен толықтырылады деп болжануда.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.М.Белоглазова жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту үшін, бірінші кезекте, халық мәдениетінің негізі болып табылатын отандық мәдениеттің тереңдігін игеруге жүгіну қажет екеніне сенімді.

Халық мәдениеті кіші мектеп оқушылары үшін әр түрлі киімдерге: ойындар, әндер, ертегілер, жұмбақтар, костюмдер, үй жабдықтарына толы болады.  Бұл әлем өте жарқын және мәнерлі болып табылады, сондықтан да ол балаларға арналған қызықты. «У истока» мектеп этнографиялық орталығы отандық мәдениеттің тереңдігіне саяхат басталатын орын болуы мүмкін.

 

1м2м3м                                                                4м