Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқушылардың өзара сыйластыққа, толеранттылыққа, жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мәдени дәстүрлерді дамытуға және дәріптеуге негізделген азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебінде демеушілердің қолдауымен а.ж. 4 наурызда «Qyz syny» қазақ мәдениетінің рухани сұлулығы мен танымы байқауының финалы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды, қатысушылар презентациясы мен аспаздық конкурс онлайн форматта, ал шығармашылық конкурс пен марапаттау мектеп сахнасында офлайн форматта өтті.

Бағалау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Олар болды:

- 1 орын «ARÝ-2021» - Батыр Аяулым (ГСМ)

- 2 орын «EL KÓRKI» - Сейділдаева Виолетта (№21 ЖББМ)

- 3 орын «EL ARAІLYSY» - Курбанова Ирина (№2 МЛ)

Интернет дауыс беру нәтижесінде номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

- «VÍRTUALDY EL ARAІLYSY» - Батыр Аяулым (ГСМ)

- «ERKELI NAZ ARÝY» - Өтегенова Мерей (№15 ЖББМ)

- «ERKELI NAZ ARÝY» - Қайыралапова Әмина (№15 ЖББМ)

- «Syrly ÓNER ARÝY» - Осетрова Екатерина (№17 ЖББМ)

- «MARJAN KÓŃIL ARÝY» - Чеботарь Злата (№19 ЖББМ)

- «ZERDELI OI ARÝY» - Байдаулетова Томирис (№22 ЖББМ)

- «SYMBATTY BOI ARÝY» - Амандосова Томирис (№20 ЖББМ)

1м2м3м4м