«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 қазанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі» КММ базасында робототехника бойынша «Болашақ инженерлері» қалалық жарыстары өтті. Жарыс ұйымдастырушылары Қостанай қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы секторы және техникалық шығармашылық мектебі болып табылады.
Қала мектептері арасында робототехника бойынша байқау алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Егер өткен жылы байқауға 8 мектептің өкілдері қатысса, биыл қатысушы мектептер саны көбейген. Қаланың 11 мектебінің 38 оқушысы жобалау мен робототехникаға әуестенген, бірден екі санатта жарысты. «Траектория – квест» санатына 6-12 жас аралығындағы балалар, ал «Робо-теннис» траекториясына 13-17 жас аралығындағы балалар қатысты.
Бүгінгі күні, IT және биотехнология саласындағы революциялар адамзат өмірін өзгертеді, әлемнің жетекші мектептері балалардың креативті әлеуетін дамытумен, сандық технологиялар мен нақты ғылымдарға үйретеді. Робототехникамен айналысу балалар үшін өте маңызды, ол бағдарламалау дағдыларын, материалдар мен машина бөлшектерінің кедергісін білуді дамытады. Барлық байқауға қатысушыларға, олардың нәтижесіне қарамастан, жарыс барысында алған білімі мен тәжірибесі өмірде пайдалы болады.
Жарыс қорытындысы:
Траектория – квест
1 орын |
Биштанковский Богдан Бекмагамбетов Бексултан |
ҚТШМ |
2 орын |
Булатов Радмир Малышев Артем |
№23 ОМ |
3 орын |
Каспирович София |
№3 МГ |
Робо-теннис
1 орын |
Антонянц Артем Скрипник Владислав |
№23 ОМ |
2 орын |
Доля Кирилл Коваль Даниил |
№2 МЛ |
3 орын |
Кенжебек Саги Булат Ануар |
С.Мәуленов атындағы гимназия |