Authorization
AA+
En Западно-Казахстанская обл., 090006,  г. Уральск, пр. Нурсултана-Назарбаева, 206 а
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Lyceum School No. 70

2018 жылдың 25 сәуірінде сағат 10.00-де «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» ММ-де Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулықтар» атты бағдарлама жобасының тұсаукесеріндегі сөзін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың түрлі аспектілері қаралды,әсіресе Елбасымыздың "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулықтар» жобасының тұсаукесері барысындағы  қойған міндеттері.

Іс-шараға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтық кеңсенің жобалау менеджері Манасбаев Серик Шотбаевич., «Қостанай облысы әкімдігінің тілдер даму басқармасының» жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Бимаганбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы, №2 мектеп-лицейінің директоры Дандыбаева Гульфия Тулегеновна, №2 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Потапова Татьяна Викторовна, №2 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары және педагогтары қатысты.

Кеңсенің жобалау менеджері спикер Манасбаев Серик Шотбаевич  мектеп оқушыларының  назарын қоғамдық сананы жаңғыртудағы ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 бағытының маңыздылығына аударды. «Прагматизм», «бәсекеге қабілеттілік», «білім беру» сияқты ұғымдарды талқылау аудиторияны қызу талқылауға әкелді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша № 2 мектеп-лицейінің кітапханашысы спикер Потапова Т.В. «дөңгелек үстел» қатысушыларын  Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын кітабына назарларын аударды,осы деңгейдегі кітаптар қоғамдық сананы жаңғыртуға «Жаңа гуманитарлық білім».«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» жобасы сөзсіз отандық кадрларды даярлау деңгейін арттырып, қазақ қоғамында рухани құндылықтарды бекітеді.