А.М.Горький атындағы гимназиясында Орынкул Балғабайқызының ұйымдастыруымен ZOOM платформасымен «Рухани жаңғыруымыз – латын қарпіне көшуден басталады» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл-ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.
Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы-қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,-деп атап көрсеткен болатын. Дөңгелек үстелде облыстық мұражайдан алынған көне құжаттар жайлы сөз етілді,сонымен бірге, бұл тарихи құжаттар латын әліпбиінің бізге соншалықты жат дүние емес екендігін, керісінше тарихи құндылықтарымыз екендігін дәлелдеп келеді.Басылым беттерінде ғасырға жуық болып қалған мақалалармен танысты. «Бүгінгі қазақ жазуына реформа қажет» тақырыбында Ш.Р.Бажирова мен «Латын әліпбиі – тіліміздің жарқын болашағының кепілі» тақырыбында Г.А.Багужинаның баяндамалары тыңдалып,практикалық кезеңде А.А.Бекбулатова. А.А.Айнабековалар дөңгелек үстелде пікір алмасып отырған әріптестеріне түрлі тапсырмаларды таратып және викториналық сұрақтар қойып,пікір алмасу отырысы өте қызықты да,тартымды өтті.
Қорытындылай келе,қазақ тілі әліпбиін латын графикасына негіздеу арқылы біз мына нәрселерден ұтамыз. Біріншіден, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, тіл тазалығы сақталады.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан кезде басы артық таңбаларға қажетті емле, ережелер қысқарып, оған кететін уақыт пен қаржы үнемделеді.
Үшіншіден, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік береді.
Төртіншіден, түркітілдес елдермен, мәдени, рухани және экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, тіліміздің қолданыс аясы кеңейіп, тар бұғаудан босайды және жаһанданудың жұмырында жоқ болып кетуден сақтайды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы «Ел-бүгіншіл, менікі-ертең үшін» деп айтқанындай, елбасымыздың ел ертеңін ойлаған сындарлы саясатын қолдап, латын графикасына негізделген әліпбиіміздің өркендеуіне үлес қоса берейік,-дегім келеді.