«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 2017 жылғы 06 желтоқсанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-нде «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына өзінің салмақты үлесін қосқан қазіргі заманның батырлары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатына сүйенген, моральдық және адамгершілік құндылықтарға негізделген жастарды тәрбиелеу жүйесін құру қажеттілігін көрсету.
Дөңгелек үстел қатысушылары келесі сұрақтарды талқылады: «Батыр деген кім?», «Біз қазіргі заманның батырларын білеміз бе?», «Отаншылдық», «батырлық» жайлы оқушылардың дұрыс түсінігі бойынша біздің жұмысты қалай құру қажет?», «Патриоттық тәрбиелеудегі отбасының рөлі».
Дөңгелек үстел қатысушылары алдында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Суряднова Евдокия Андреевна сөз сөйледі, ол Қостанай облысының қазіргі заман батырларының өміріндегі қызықты фактілермен бөлісті. Мектеп кітапханашысы Гаук Любовь Ивановна қазіргі заман батырларына арналған қолда бар әдебиетке шолу жасады. Шақырылған ата-аналар қауымы Ключникова Галина Ильинична және Кошкодан Наталья Анатольевна елдің тарихына деген қызығушылықты, ұлттық сана-сезімді, азаматтықты және отаншылдықты отбасында тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Қостанай қ. №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қалиев Данияр Ахметжановичпен кездесу дөңгелек үстел қатысушыларының ерекше қызығушылықтарын оятты.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша ұсыныстар қабылданды.