Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.89): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

10 жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- ата-аналардың бірінің өтініші;
- жұбайының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келісімі немесе бөлек тұратын баланың (балалардың) заңды өкілінің келісімі;
- некеде тұрған жағдайда неке қию туралы куәліктің көшірмесі, ал егер ата-аналардың бірі баланы (балаларды) тәрбиелеуге қатыспайтын болса немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса, ата-аналардың қамқорлығында болмау фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері: қайтыс туралы куәлік немесе хабарлама, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, оларды ата-ана құқықтарын шектеу, хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (ішінара қабілетті) деп тану, қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т.б. (АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

Сіз баламен бірге білім бөліміне (Байтұрсынов көшесі, 67, 115-кабинет) қағаз түрінде құжаттарды тапсырып жүгінуіңіз қажет.
Қамқоршылық және қорғаншылық органы маманының қатысуымен ата-аналардың көзінше балаға мүлікке иелік ету мәселесі бойынша әңгіме жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күні