1 наурызда №1 мектеп-лицей базасында «ЖМЦ пәндері бойынша оқушыларды ББЖМ-не дайындау шеңберіндегі мәселелерді шешу» атты семинар – практикум өтті. Семинардың мақсаты ЖМЦ пәндері бойынша оқушыларды ББЖМ-не дайындау аясында математика және физика мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету болды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Б.Федулова педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар математика пәнінің мұғалімдері Л.В.Васильченко, А.П. Катунина математикалық сауаттылыққа есептер шығару бойынша практикум өткізді.
Семинар-практикумға қатысушылар үшін физика пәнінің мұғалімі А. А. Гордеев, математика пәнінің мұғалімі А. А. Титова ашық сабақтар өткізді. Семинар-практикумның соңында ББЖМ-не дайындық бойынша ұсыныстар берілді. Семинарға қатысушылар семинардың жақсы ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.