Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 21 сәуірінде білім бөлімінің базасында химия мұғалімдерінің шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті.

Топ отырысына білім бөлімінің биология және химия әдіскері Досанова Айжан Жұмағұлқызы және №2 мл, №20 ЖББМ, №16 ЖББМ, №115 ЖББМ, №17 ЖББМ, ЖЖМ, №15 ЖББМ химия пәні мұғалімдері қатысты.

Шығармашылық топтың отырысында мұғалімдер 10 сынып оқушыларына арналған «Термодинамикаға кіріспе» жинағын дайындау мәселелерін қарады.

Шығармашылық топ мүшелері жинаққа ұсынылған материалдардың таратылған тақырыптарын талқылап, түсіндірме жазбаның мазмұны мен жинақтың безендірілуін қарастырды.

Жинақ бойынша жұмысты 2022 жылдың тамыз айына дейін аяқтау шешілді.