Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19 қаңтарда «№15 бөбекжайы» КМҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері үшін «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамытудың инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері М. С. Абитова мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану туралы баяндама жасады.

Музыкалық жетекшілер А. Н. Горбушина «№ 2 бөбекжайы» КМҚК, Е.В.Комендантова «№15 бөбекжайы» КМҚК педагогтарды өздерінің авторлық бағдарламасымен таныстырып, тәжірибеде қазақ халық биінің негізгі элементтерін көрсетті.

СЖД бар балаларға арналған музыкалық-би жаттығуларын «№54 бөбекжайы» КМҚК музыкалық жетекшілер О.В. Кашуба, И.В. Похуляк көрсетті.

«№61 бөбекжайы» КМҚК музыкалық жетекшісі Д. К. Туякова мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтарда инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы айтып берді.

Н.Г. Пермякова «№69 бөбекжайы» КМҚК музыкалық жетекшісі балаларға арналған әндер жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

«№15 бөбекжайы» КМҚК музыкалық жетекшісі С. В. Юркова музыкалық интерактивті ойындарды қалай жасау керектігін егжей-тегжейлі айтып, көрсетті.

Іс-шара соңында мектепке дейінгі білім беру әдіскері М. С. Абитова мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің талаптарына сәйкес осы тақырыптың өзектілігін атап өтті, музыка жетекшілері бірқатар ұсыныстар алды.