Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылғы 18 қарашада Қостанай қаласының білім бөлімінің басшысы Г. А. Уразбаеваның жанында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кеңес өтті.
Кеңес шеңберінде педагогикалық бастамаларды игеру сапасын арттыруға бағытталған эксперимент режимінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдар әкімшіліктерінің басқару іс-әрекеттерін бағалау мәселесі қаралды.
Мектепке дейінгі ұйымның эксперименттік қызметі инновациялық технологияларды қарқынды енгізуді көздейтініне назар аударылды. Негізгі міндет педагогтар мен білім беру ұйымдары деңгейінде мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті жұмысында зерттеу қызметінің мәдениетін құру болып табылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту үлгісінің міндеттерін орындау мақсатында тәрбие-білім беру процесінде инновациялық технологияларды енгізуді бақылауға алу тапсырылды,
Сонымен қатар, "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға берілді.
Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша ұсынымдар берілді, уақытылы шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер қабылданды. Барлық бағыттар бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына тапсырмалар берілді.