2022 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында кәмелетке толмаған 6 баланың, балалар үйінің 3 тәрбиеленушісінің және қамқорлықтағы 3 баланың жеке істері зерделенді.
Сондай-ақ, әрбір балаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге орналастыру жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ҚР заңнамасына сәйкес бір теріс қорытынды, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы 5 оң қорытынды қабылданды.