Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері өз тәжірибелерін таныстырды:
- «Цифрлық технологиялар ЕБҚ бар оқушыларға орыс тілі мен әдебиетін оқытудың көмекші ресурсы ретінде қолданылады», Ю.М.Заводиленко, (№16 ЖББМ);
- «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы АКТ оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде пайдаланылады», Ю.А.Атоварова, (№7 ЖББМ).
Екі тақырып та бүгінгі таңда мектептердің оқу-тәрбие процесінде өзекті болып табылады. Сабақта АКТ технологияларын қолдану оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға және уақытты үнемдеуге ықпал етеді.
«Мұғалімдер шеберханасы» жұмысы барысында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әртүрлі ақпараттық платформаларды практикада қолдану саласында көптеген танымдық білім алды.