2023 жылғы 19 сәуірде "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ жоспарына сәйкес №8 жалпы білім беретін мектеп базасында мектептердің әлеуметтік педагогтарына "Отбасылық дауларда медиативтік шешімді қолдану"тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Баяндамашылар өз сөздерінде атап өткен мәселелер балалар туралы дауларды шешу кезіндегі медиация рәсімінің ерекшеліктеріне, кәмелетке толмаған балалармен қарым-қатынас жасау тәртібін жасау кезінде медиативтік келісімді қолдану мүмкіндігіне қатысты болды.
Өзгерістер көшбасшылары ҚҚ төрағасы, Қостанай облысының WorldExport KZ ЖШС директоры- М. А. Бикенов медиацияның маңызды рөлі, проблемалары және оларды шешу жолдары туралы айтып берді.
Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді: кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыру, ата-аналар мен балаларға әдістемелік, құқықтық және консультациялық көмек көрсету