Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

           2023 жылғы 23 ақпанда «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты базасында оқуға түсу мәселесі бойынша Қостанай қаласы мектептерінің 11-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді.

"Тілдер және әдебиет теориясы" кафедрасы қала мектептерінің түлектерімен "Қазақ тілі мен әдебиеті" және "Орыс тілі мен әдебиеті" бейіндік пәндерін таңдаған кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

   Оқушыларға университетте оқу мүмкіндіктері, одан әрі даму және кәсіби дағдыларды игерудің ұзақ мерзімді жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, оқушылар мұғалімдердің келесідей мамандықтарымен танысты: филолог, аудармашы, филолог-редактор, корректор, копирайтер, спикерайтер, филолог-журналист, референт, жазушы, мемлекеттік қызметкер, филолог-ғылыми қызметкер, экскурсовод-гид, мемлекеттік ұйымдардың баспасөз қызметіндегі маман.

Аталған іс шарамен барлығы 96 түлек қамтылды.