Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 27 сәуірде Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Білім бөлімінің тұрақты бақылауындағы №5 ЖББМ 5 отбасына (оның ішінде 7 бала) барды.

Осы отбасыларды есепке қою себебі:

«Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-аналар немесе заңды өкілдер» - 10 отбасы;

Отбасылар 09.09.2022 жылдан бастап 04.01.2023 жылға дейінгі кезеңде Қостанай қ. СПБ ПБ ЖПҚБ - да есепке қойылды.

Отбасылардың есебінде болған уақыт ішінде оң динамика байқалады. Ата-аналар сынып жетекшісімен байланысқа түседі, балаларды толық тәрбиелеумен айналысады.

Кәмелетке толмағандардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.

Кәмелетке толмағандар бос уақытымен қамтылған, "Прометей", футбол, теннис, әскери-патриоттық тәрбие секцияларына, сондай-ақ көркемөнер үйірмесіне қатысады.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің балалардың құқықтарына, ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.

Бұл мәселе қаланың білім бөлімі мен прокуратурасының ерекше бақылауында тұр