2025 жылғы 21 қарашада «KAZGUU School.Qst» базасында гуманитарлық бағыттағы педагогтар үшін «Шығармашылық зертхана» семинар-практикумы өткізілді.
Аталған іс-шараға 75 педагог қатысты.
Семинар-практикумның жұмысы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін дамытуға және гуманитарлық пәндерді (қазақ, орыс тілдері мен тарих) оқытуға инновациялық білім беру технологияларын енгізуге бағытталған.
Практикум аясында педагогтар түрлі форматтағы сабақтарды жобалап, тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды үйренді.




