Кіру
AA+
AA+

2026–2027 оқу жылына мектепке дейінгі ұйымдарды жазғы жинақтаудың басталуы туралы

Қостанай қаласының білім бөлімі ата-аналарды (заңды өкілдерді) 2026–2027 оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымдарды жазғы жинақтаудың басталуы туралы хабарлайды.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «INDIGO» ақпараттық жүйесінде бос орындарды автоматты түрде бөлу және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін ваучерлер беру басталады.

Жазғы жинақтау кезеңдері

- 2026 жылғы 17 маусымнан бастап «INDIGO» жүйесінде уақытша тоқтатылады:

*ваучерлерді беру;

*балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау;

*балабақшалар арасындағы ауыстырулар;

*күту парақтарының жұмысы.

Жаңа оқу жылына арналған контингентті қалыптастыру үшін барлық бос орындар кері қайтарылады.

- 2026 жылғы 17–30 маусым аралығында мектепке дейінгі ұйымдар

тәрбиеленушілерді шығарып, 2026–2027 оқу жылына арналған топтарды дайындайды.

- 2026 жылғы 30 маусым мен 1 шілде аралығында кезек қайта құрылады.

2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 2 жасқа толатын балалар ваучер алу үшін кезектің 21-санатынан тиісті санатқа ауыстырылады, осыған байланысты кезектегі орны өзгеруі мүмкін.

- 2026 жылғы 1 шілде сағат 18:00-ге дейін мектепке дейінгі ұйымдар

жүйеге бос орындар туралы мәліметтерді енгізеді.

- 2026 жылғы 1 шілде сағат 18:00-де ваучерлерді беру қайта басталып,

балаларды 2026–2027 оқу жылына арналған балабақшаларға қабылдау жүзеге асырылады.

Ваучерді алғаннан кейін

Ваучердің берілгені туралы хабарлама ED24.kz мобильді қосымшасына келеді.

Ваучерді алғаннан кейін ата-аналарға:

* 2 жұмыс күні ішінде Indigo24.kz жеке кабинетінде ваучерге қызығушылығын растау;

* растағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде балабақшаны таңдап, шарт жасасу қажет.

Белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда ваучердің күші жойылады.

Ата-аналарға ұсыныстар

Балабақшадан орын алу мүмкіндігін уақытылы пайдалану үшін:

* ED24.kz мобильді қосымшасын өшірмеуді;

* жеке кабинеттердің дербес деректері мен құпиясөздерін үшінші

тұлғаларға бермеуді;

* Indigo24.kz жеке кабинетінде өтініштің мәртебесін алдын ала тексеріп,

оның белсенді екеніне көз жеткізуді;

* «INDIGO» жүйесіндегі балабақшалар картасын пайдаланып,

жағдайлармен танысып, қажет болған жағдайда таңдалған ұйымдарға баруды;

* бала қабылданғаннан кейін қалаған балабақшада орын болмаған

жағдайда басқа мектепке дейінгі ұйымның күту парағына тұру мүмкіндігін пайдалануды;

* қабылдау үшін қажетті құжаттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз:

    • баланың фотосуреті;
    • профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны);
    • баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны);
    • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 027/у нысаны);
    • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін – ПМПК қорытындысы.

Ата-аналардан ED24.kz қосымшасындағы және Indigo24.kz жеке кабинетіндегі хабарламаларды уақытылы қадағалап отыруды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша «Indigo24.kz» порталындағы техникалық қолдау маманына немесе Қостанай қаласының білім бөліміне 54-36-14 телефоны арқылы хабарласуға болады.