Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

21 қазан күні мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.

Жиын барысында балабақша меңгерушілері, әдіскерлер сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар балаларды тәрбиелеу және оқыту процесі тәсілдерінің өзгерістері туралы, тәрбие – білім беру процесінің нәтижелілігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және т.б. туралы айтты.

           Жиналыс қорытындысы бойынша ата – аналар жұртшылығымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды, оның ішінде басты мәселелер: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, режимдік сәттер, "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт", "Үндестік", "Кәсіптік бағдар беру" жобаларына қатысу болып қала береді.