Семинар барысында білім мазмұнын іріктеу, білім мазмұнын іріктеудің инновациялық тәсілдері, биология және химия сабақтарында оқушылармен жұмыс формалары, үйдегі оқу тапсырмаларын орындау кезінде функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру сияқты проблемалық мәселелер қаралды. Семинар мұғалімдер үшін жемісті өтті, онда мұғалімдер алған білімдерін өз сабақтарында белсенді қолдана алады.
Жалпы, мұндай белсенді семинарлар мұғалімнің тұлға ретінде де, кәсіби маман ретінде де дамуына көмектеседі.