7-8 сынып жасөспірімдері мен қыздары арасындағы
волейболдан қалалық мектеп Лигасы
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан ұлттық мектеп Лигасының қалалық кезеңінің финалы өтті. Жарысқа Қостанай қаласының мектептерінен жалпы саны 450-ден астам адамды қамтитын 30 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын - №18 МГ
II орын - № 9 ЖББМ
III орын - № 19 ЖББМ.
Үздік ойыншылар:
Блинникова Анастасия, №18 МГ
Раушанбек Зере, № 9 ЖББМ
Омарова Алуана, № 19 ЖББМ.
Жасөспірімдер арасында жүлделі орындарға ие болды:
I орын - СМГ
II орын - МГГ
III орын - № 15 ЖББМ.
Үздік ойыншылар:
Бахитжан Асанали, СМГ
Еслямгалиев Дамир, МГГ
Тайгара Болат, № 15 ЖББМ.
Командаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Бірінші орын алған командалар 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңінде Қостанай қаласының атынан қатысады.
Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!



