А.Байтұрсынұлынын ғылыми-лингвистикалық мұрасы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдық мерейтойына орай 5 қыркүйек күні Павлодар облысы білім басқармасының «Білім берудегі дамытудың инновациялық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-лингвистикалық мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ф.ғ.д. Анар Салқынбай, ф.ғ.к., Бақытгүл Қасымбайқызы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА-жетекші қызметкері, PhD докторы Арай Бошанқызы және т.б. жетекші ғалымдар пленарлық бөлімде сөз алса, секциялық бөлімде Павлодар, Қостанай, Қарағанды,Нұр-Сұлтан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Қостанай облысы атынан «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жббм» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог-зерттеуші Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын VARK стилі негізінде оқыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта Солтүстік өңірі педагогтарымен әріптестік байланыс жүргізіп, білім, ғылым жолын дамыту жоспарын жүзеге асырып отыру міндеті тұр. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)