Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

  Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сай «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында   31 мамыр  күні  саяси қуғын-сүргін және  ашаршылық құрбандарын еске алу күніне  25 жыл толуына орай Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жббм базасында  «А.Байтұрсынов және Алаш зиялылары» тақырыбен дөңгелек үстел өтті. 
Іс-шараға  филология ғылымдарының кандидаты, доцент - Серікбай Оспанов,ақын, жазушы Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, Қостанай қаласы білім бөлімінің қызметкерлері, Қостанай қаласының мұғалімдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар  мектеп фойесінде ұйымдастырылған көрмеден Алаш қайраткерлерінің қайғылы тағдырлары  жайлы тың мағлұматтар алды. 
Сөз кезегін алған білім бөлімінің кеңесшісі  жазықсыздан - жазықсыз қыршын  кеткен  боздақтарды  еске алып,  рухтарына  тағзым ету мақсатымен   1 минут азалы үнсіздік минутын жариялады.
Бұдан соң сөз кезегін алған  Серікпай  Оспанов пен Ақылбек Қожаұлы Алаш қайраткерлерінің шығармашылықтары, қайғылы тағдырлары мен тотолитарлық жүйенің қасыреті жайлы сыр шертті. 
Іс-шара барысында  Ахмет Байтұрсынұлының «Файзолла»  атты термесі орындалып, баяндамалар оқылды, қазақ даласында орын тепкен Алжир,Карлаг лагерлері  туралы мағлұмат берілді. 
 Кеш соңы Ескендір Хасанғалиевтің  «Атамекен» әнімен аяқталды.