Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай оқулары" байқауынан алты номинация бойынша жүлдегер оқушыларымыз  аймақтық байқауға жолдама алған болатын.Бүгін М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-де Қостанай аймақтық байқау өтті.

"Абай оқулары" байқауында 

"Ұлылар әлемі" номинация бойынша С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Аяулым Батыр жүлделі 1-орынды иеленіп республика деңгейінде өтетін байқауға жолдама алды.(Жетекші мұғалімі Алиман Муртазина)

"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары” номинациясы бойынша №17 жббм-нің оқушысы Наргиз Кусаинова 2-орынды иеленді.(Жетекшісі мұғалімі Жансая Мұханбетқалиева)

"Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы" номинациясы бойынша №29 жббм-нің оқушысы Дидар Ерлібекқызы 2-орынды иеленді. (Жетекші мұғалімі Жанибек  Утеулин)

"Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша №10 жббм-нің оқушысы Нұрай Кудербекова 2-орынды иеленді.(Жетекші мұғалімі Айгуль Биримжанова)

"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-нің оқушысы Жансұлу Бейсен 2-орынды иеленді. (Ақмарал Маликова)

Қостанай аймағына қарасты қалалардың,аудандардың дарынды оқушылары арасында өткен дәстүрлі байқауда жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қазақтың бас ақыны Абай атамыз құрметіне дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға оқушысын жыл бойы  сапалы дайындап додаға қосқан жетекші тіл мамандарының да еңбектері зор."Ұстаздан шәкірт озар" демекші, озық ойлы,талантты оқушыларымыз көп болғай.Шығармашылық толағай табыстар тілейміз! (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулов)