Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 07 желтоқсанында № 28 МГ базасында «Адами құндылықтар – функционалдық сауаттылықтың негізі» тақырыбы бойынша педагогикалық шеберхана түрінде мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті.

Отырыс барысында мектеп директоры Ж. Б. Исмайлова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т. Орынбаева қонақтарды қарсы алып, бастауыш сынып мұғалімдерінің  ӘБ еңбектерін таныстырды. Тәлімгер Л. А. Жусупова мен жас педагог А. Сарсембаева баяндама жасап, шеберлік сыныбын өткізді.

Педагогикалық шеберханада жас мұғалімдер: Т.Е.Балканова, Ж.Б.Жилкайдарова, А.Е.Сырымбекова А.Е. математика және әдеби оқу сабақтары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

 Жұмыс динамикалық және шығармашылық жағдайда, бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданатын тапсырмаларға толы болды.

Отырыс қорытындысы бойынша психолог М. А. Болтирик және ӘБ басшысы Г. А. Нургожина қатысушылар үшін рефлексия жүргізілді.

2024 жылға мақсаттар қойылып, әдістемелік ұсынымдар берілді.