Ағымдағы жылдың 08 ақпанында № 24 МГ базасында TopIQ платформасын және «Орыс тілі» электронды оқулықтарын пайдалану жөніндегі республикалық онкүндік шеңберінде ББ әдіскері Г.К. Бекмағанбетованың қатысуымен мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің бастауыш сыныптарында орыс тілі мұғалімдері үшін қалалық семинар өтті.
Жұмыс барысында орыс тілі мұғалімдері TopIQ платформасымен, оқу процесінде қолдану мүмкіндіктері туралы танысты.
Мұғалімдер Н.Н. Жедилканова, И.А. Қасымова платформаны қолдана отырып сабақтардың үзінділерін көрсетті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әріптестеріне осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен алмасқандары үшін алғыс айтып, білім беру платформасының электрондық оқулықтарын пайдаланудың артықшылықтарын жоғары бағалады.