Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қостанай қаласының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімімен Қостанай, Көкшетау және Павлодар қалаларының педагогтарының қатысуымен «Бір - біріне қарай» атты өңіраралық форумы ұйымдастырылды.
Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Т. Б. Жихарева форумға қатысушыларды құттықтап, «Мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті білім беру: стратегиялар, тәжірибелер, ресурстар» тақырыбын белгіледі.
Пленарлық отырыста балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлері ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеу моделі, балабақшаның инклюзивті тобындағы тәрбие - білім беру процесінің ерекшеліктері мен оқытудың баламалы, арнайы әдістерін қолдану туралы әңгімеледі. Инклюзивті бағытта жұмыс істейтін педагогтар мен мамандардың құжат айналымын ресімдеуге қойылатын талаптарға егжей - тегжейлі тоқталды.
Бұдан әрі секция модераторлары К. Ж. Уразбекова, О.В. Бабий, Е. А. Захарова, О. В. Шмелева форум жұмысын 4 бағыт бойынша ұйымдастырды. Қатысушылар педагогтің кәсіби құзыреттілігі мен инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істеуге қосымша кәсіби дайындық қажеттілігі туралы айтты. «Инклюзивті мәдениет заманауи білім беруді дамыту факторы ретінде» атты тақырыбына толығырақ тоқталды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетуге маңызды мән берілді. Педагогтар инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибелерімен, инклюзивті білім беру ортасын құрудың ұйымдастырушылық модельдері және технологияларымен бөлісті.
Форум соңында ұсыныстар әзірленді. Қатысушылар қолданыстағы меморандум шеңберінде одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға, осындай деңгейдегі іс - шараларды өткізу қажеттілігі туралы айтты.