Ағымдағы жылдың 28 жұлдызында №7 балабақшасында қазақ тілінде мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілерге арналған «Кітап патшалығының құпиялары» атты балалар байқауы өтті. Қалалқы байқауға 50-ге жуық тәрбиеленуші белсене қатысты.
Балаларды жұмбақ ғажайыптарға толы ертегі атмосферасына әкелетін қызықты сценарий арқылы қатысушылар сиқырлы елге қызықты саяхатқа аттанды, онда балалар сүйікті ертегілер мен сиқырдың ғажайып әлемінде ертегі кейіпкерлерімен кездесті.
Бүлдіршіндер сүйікті кейіпкерлерімен бірге «Біз қандай ертегіденбіз?», « Мақал-мәтелдерді жалғастыр », «Жақсылық пен жамандық», «Дұрыс жауабын таңда», «Ертегілер еліндегі мейірімділік» және т.б. әр түрлі тапсырмаларды үлкен қуанышпен орындады.
Үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырылған балалар байқауы кішкентай бүлдіршіндерді ертегілерді білуге деген құштарлықтарын арттыра
түсті. № 5,61,7, 8,11,14,15,16,17,27,44,51 балабақшаларының,№ 9,15,29 жалпы білім беретін мектептерінің мектепалды сыныптарының және «Салтанат», «Бөбек» жеке меншік балабақшаларының қазақ тілінде тәрбиеленетін тәрбиеленушілері білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.