Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Ағымдағы жылдың 3 ақпаны мен 6 ақпаны аралығында TopIQ республикалық онкүндігін өткізу аясында педагогтар үшін облыстық және қалалық семинарлар өтті. Іс-шаралардың мақсаты- TopIQ.kz платформада электрондық оқулықтарды пайдаланудағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау және насихаттау.

Облыстық семинар аясында Ә. Бөкейхан атындағы мектеп базасында М.Қозыбаев атындағы № 23 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Р. А. Бучина, О. И. Труханова және Е. В. Богатыревамен, 2-4 сынып оқушыларына арналған «Букварь», «Сауаттылыққа оқыту», «Орыс тілі» және «Әдеби оқу» оқулықтарының авторларымен кездесу өтті. Олар іс-шараға қатысушыларға осы платформада қолданылатын электрондық оқулықтар туралы айтып берді. № 9 ЖББМ және ДЖББМ мұғалімдері Д. Е.Сакаева, Б. Н. Макенова, С. В. Сухинина, Л. А. Күзембаева және С. С. Мұқанғалиев әріптестеріне жұмыс тәжірибесінен сабақ үзінділерін көрсетті.

№ 5 «А» МГ базасында өткен қалалық семинар аясында педагогтар Д. Х. Муслимова мен Е. В. Ремезова TopIQ.kz. білім беру платформасын қолдана отырып, орыс тілінің ашық сабақтарын көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әріптестеріне осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырғаны және тәжірибе алмасқаны үшін алғыс айтып, білім беру платформасының электрондық оқулықтарын пайдаланудың артықшылықтарын жоғары бағалады.