Ағымдағы жылдың 4-6 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.
Біздің әріптестеріміз де өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті: № 18 МГ бастауыш сынып мұғалімі Ж.Б. Кужубаева және № 5 ЖББМ көркем еңбек мұғалімі Б.А.Бектасов II дәрежелі диплом, № 3 МГ физика мұғалімі А.З.Жұмабекова ІІІ диплом иегерлері атанды.
«Үздік жетістіктері үшін» номинациясы бойынша СМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З. М. Досымова грамотамен марапатталды.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!