Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Айдыны кең арқалы ақын- Ғафу Қайырбеков» атты әдеби кеші өткізілді. Ғафу атамыздың көзін көрген замандастары, ізінен ерген нар тұлғалы азаматтар келіп, өз естеліктерімен бөлісті және ғибратты әңгімелерін айтты. Сейдахметов Қабылахат Құрағұлұлы- Қостанай телеарнасының  редакторы, журналист, Ғ.Қайырбековтың шәкірті.

Шипин Мухаметкали Мырзағалиұлы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Заңғар Санайұлы Санай –«Астана» телеарнасының Қостанайдағы тілшісі, «Халықаралық»  Қазақ тіліқоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Құрмет орденінің иегері.
Какимжанова Кабира Кәкімжанқызы- ҚР Білім беру ісінің үздігі.
Молдахметов Мұрат Беғалиұлы – Ғ.Қайырбековтың немере інісі, ҚР Ақпарат және байланыс саласының үздігі.
Иманкулов Ермек Асқарұлы, Жумагулова Жанар Дүйсенбайқызы – ҚББ әдіскерлері.

Әдеби кеште ақын өлеңдерін  мектеп оқушылары жатқа айтты, сонымен бірге мектебіміздің жас ақындары жырдан шашу шашты, әндері әуелете шырқалды. Әдеби кештің жүргізушісі Назгүл Әлібекқызы, Ғафу Қайырбекұлының алтын қорда сақталған, өлеңдері мен әсерлі әңгімелерін көрсете отырып, кешті әсерлі жүргізе білді, барлық қатысушылар көңілінен шықты.