"Айгерим-Ай" балабақшасында "Оқырман мектебі-оқырман ұлт" жобасы аясында "Үздік кітап бұрышы" атты сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі балалардың көркем сөйлеу дағдылары мен кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сайысқа барлық топтар қатысты.
Кітап бұрышында ақын-жазушылардың портреттері мен олардың шығармалары, кітапты түптеуге арналған құралдар, дидактикалық ойындар, аудио-бейнежазбалар, сюжетті рөлдік ойындар, театр қойылымдарының әр түрлі нұсқалары орын алды.
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.