Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласы білім бөлімінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 31 мамырда білім бөлімінде Қостанай қаласының № 1,2 бөлімдері мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне "ЭҮП және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру"тақырыбы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары өткізілді.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер түсіндірілді. Сондай-ақ, келіп түскен өтінімдер туралы мәліметтер алу үшін білім беру бөлімінің ХҚКО-мен өзара іс-қимылы туралы талқыланды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың жауапты тұлғаларының байланыс телефондарымен алмасты.

Оқыту семинарының нәтижесінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын сапалы қабылдау үшін білім бөлімімен және білім беру ұйымдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау ұсынылды.