Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына арналған республикалық онлайн-оффлайн форматта тедконференция өткізілді. Республикалық тедконференцияның ұйымдастырушысы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары М.А.Ергалиева. Конференцияға қала мектептерінен №3 МГ, №7 жббм, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жббм, №10 жббм , №15 жббм, №17 жббм, №19 жббм, №20 жббм, №21 жббм, №24 МГ, №28 МГ, С.Мауленов гимназиясы, Ә. Бөкейхан атындағы жббм, облыстан Н.Наушабаев атындағы МГ, Қарасу ауданындағы «Ключевой жббм», «Шолақаша жббм», «Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жббм, №18 МГ, Абай атындағы жббм, Республикадан Қарағанды облысындағы Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы, Астана қаласы С.Мәуленов атындағы №37 МЛ, Астана қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы қатысты. Барлығы тедконференцияға қала, облыс,республикадан 50 мұғалім қатынасты. Конференция 4 секцияға бөлінді.

Үздік идеяларымен бөліскен, креативті ойларын ұсына білген, импровизация жасап, әртістік қабілетін көрсете білген, педагогикалық тәжірибесін сәтті тарата білген педагогтарды атап өткіміз келеді. А.Саменова, Ж.Ерсұлтан, К.Абибуллаева,Г.Скендирова, Н.Арыстан, А.Тоболов, Г.Еримбетова, С.Карбозова, З.Д.Сергазина. А.Данкенова. Конференцияның мақсаты Ғафу Қайырбековтың 95-жылдығын атап өту, шығармашылығын насихаттау, қалың көпшілікке қызықты идеяларды жеткізіп тарату, ұсыну, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру болса ол мақсат орындалды деп айтуға болады. Конференцияға қатысқан мұғалімдердің ойынша осындай жаңа форматтағы, заманауи іс-шаралар көбінен болса нұр үстіне нұр болар еді.