Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

          Ахмет шығармашылығының көркемдік  ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан (мысал жанрынан,тағы басқа әңгімелерінен) 5-10 сынып оқушыларының арасында қалалық "Ахмет атамыздың мысал жанрынан сахналық қойылым" байқауы №10 жббм-де өткізілді.
Байқауға 13 мектептен 53 өнерпаз оқушылар сахна төрінде Ахмет атамыздың мысал өлеңдері мен әңгімелерінен сахналық қойылым көрсетті.
Ережеге сай дайындықпен келген сахналық қойылымдарға орын беру қиындық тудырды. Әділқазылардың әділ шешімімен орындар берілді.
Бас жүлдені "Тағылымды-тәрбие –бала болашағының іргетасы" тақырыбында сахналық қойылым көрсеткен №28 мектеп-гимназиясының өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі М.Н.Абдибеков) иеленді.
І орынды  "Қасқыр мен мысық" тақырыбында сахналық қойылымымен А.М.Горький атындағы гимназиясының өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі Г.Ш.Есенбаева) иеленді.
ІІ орынды "Шал мен жұмыскер" тақырыбы бойынша №29 жббм-нің өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі У.С.Серденбаева), "Қарға мен түлкі" тақырыбы бойынша №22 жббм-нің өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі М.У.Токжанова) иеленді.
ІІІ орынды "Қасқыр мен мысық" тақырыбы бойынша №17 жббм-нің өнерлі оқушылары ( жетекші мұғалімі А.Ж.Ермаганбетова), "Жас ағаштар" тақырыбы бойынша №10 жббм-нің өнерлі оқушылары (А.К.Биримжанова) иеленді.
  Ахмет ата ролін сомдаған Ж.Нуралин (№28 мг), шалдың ролін сомдаған Ұ.Сералин (№29жббм),аққудың ролін сомдаған А.Моисеенко (Дружба жббм), қасқырдың ролін сомдаған С.Войлошников (ГМГ),түлкінің ролін сомдаған Т.Перегудова (№122ном) есімді оқушылар шынайы образға кіріп,көрерменнің көңілінен шығып, "Көрермендер көзайымы" номинациясына ие болды.Ахмет атамыздың құрметіне ұйымдастырылып жатқан іс-шара №29 жббм-де жалғасын табады. (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулова)