Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

"Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің жоспарына сәйкес,қазақ тіл білімінің және әдебиет танудың негізін қалаушысы,аудармашы, педагог және дарынды ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Қазақ тілінің атасы - Ахмет" атты апталығының  бекітілген іс-шарасы №13,№122 негізгі орта мектептерінің бірігуімен эссе жазу 9-11 сынып аралығында және мәнерлеп оқу 5-8 сынып аралығында байқауы өткізілді."Эссе жазу" және "Мәнерлеп оқу"байқауына қаламыздың 28 білім беру ұйымдарынан қатысты. «Эссе жазу» байқауында 36 жұмыс қаралып, әдебиет жанрын таңдаған оқушыларымыздың он алтысы жүлделі орынға ие болды.«Мәнерлеп оқу» байқауында 29 жұмыс қаралып,он бесі жүлделі орынға ие болды.Бұл байқаудың мақсаты-қазақ тілінің көсемі-Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен аудармаларын таралуын насихаттау бүгінгі ұрпақтарының қызығушылығын арттыру, оқып-білуге,тани түсуге ынталандыру,қазақ тілінде таза сөйлеуін айқындау болды. (ҚББ әдіскері Ж.Д Жумагулова)