Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақ тілінің атасы - Ахмет» апталығының мәдени іс-шаралар бағдарламасына сәйкес №25 негізгі орта мектебінде "Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалына саяхат" атты "Суреттер сөйлейді" бойынша байқауы өткізілді. Бұл байқауда А.Байтұрсыновтың аудармаларын негізге ала отырып, еркін тақырыпта сурет салу болды.
Байқауға қаламыздағы 30 білім беру ұйымдарының 1-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қарапайым және түрлі түсті қарындаштар,қаламдар, пастельдер,көмір,тушь, компьютерлік графиканы қолдана отырып, Ахметтің мысалдары бойынша суреттерін ұсынды.Бұл байқаудың мақсаты: Ахмет атамыздың шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту және балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту.Оқушылардың жұмыстары ақпанның 11-19 аралығында қабылданып,21 ақпанда бекітілген әділқазылар мүшелерінің ұсынысымен бағаланып, жүлделі орындар белгіленді.
Бүгін ZOOM платформасы арқылы ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова сөз алып,осы шараның маңыздылығы туралы айтып, сурет байқауының нәтижесімен таныстырды. 126 жұмыстың ережеге сай суреттелгеніне кеңінен тоқталып,сыныптар бойынша жүлделі орындарды жариялады.І орынға-14 оқушы, ІІ орынға-14 оқушы және ІІІ орынға-18 оқушы иеленді. Сонымен қатар осы шараның басында үздік суреттердің презентациясы көрсетілді. Ахмет атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп,мұғалім мен оқушылардың Ахмет атамыздың шығармалары мәнерлеп оқылып,күмбірлеген күйлер ойналды.Ахмет атамыздың құрметіне қалалық білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізілуде. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)