«Армандастар» облыстық фестиваль-байқауы
2023 жылғы 9 ақпанда М. Горький атындағы гимназияда «Армандастар» облыстық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға жиырмаға жуық театр ұжымы қатысты. №28 мектеп-гимназиясындағы «Болашақ» театр үйірмесінің жетекшісі Марғұлан Назарұлының жетекшілік етуімен «Ахмет» спектакль (драма) қойылымы сахналанды.
Байқауға жиырмаға жуық театр ұжымы қатысса, «Болашақ» театр үйірмесінің өнерлі оқушылары жүлделі І орынды иеленді.
Әділқазылар алқасының мүшесі облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, «ҚР Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Иманов Қабдул-Мажит Сундетович пен «Өнерпаз болсаң» республикалық байқауының жеңімпазы, жылдың үздік актері, 2022 жылғы республикалық кинофестивальдің «Үздік комедия» номинациясының жеңімпазы өнерлі оқушылардың өнеріне тәнті болып А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дегі өнер бөлімінің актерлік шеберлік және театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру факультетіне Алишер Тулеутай, Жамбыл Нұралыұлы есімді өнерлі оқушыларды оқуға түсулеріне ұсыныстарын айтты. Жетекші ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық толағай табыстар тілейміз!