2023 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Ашық ойындар және олардың дене шынықтыру сабақтарында қолданудағы тиімділігі" тақырыбы бойынша дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Р.М.Жүсіпов Абай атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысымен таныстырып, дене шынықтыру сабағында ашық ойындардың педагогикалық мәніне кеңінен тоқталды.
Семинардың практикалық бөлімінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қонарбай Р.Д. және Көшеков А.Д., Карачурина К.Е. ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар көрсетті. Мектептің психологтары Дубовик О.В., Ермагамбетова Б.Н. біріктіру және рефлексия бойынша ойын-сауық тренингін өткізді.
Семинарға қатысушылар дене шынықтыру сабақтарында ашық ойындардың қажеттілігі туралы, сондай-ақ ЕБҚ бар балалармен жұмыс жүйесі туралы барлық сұрақтарды талқылады. Іс-шара соңында әдістемелік ұсынымдар берілді.
Семинар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.